Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
125

МЫЛЖЫҢ
Сыныптасым ғой бұл менің,
Көрмейсің үнсіз жүргенін.
Отырып алып жаныма,
Сайрады, міне, тағы да:
— Шығарма мұны есіңнен,
Жаралды Адам —
Мешіннен...
— Іздеме мысал алыстан,
Жаралды мысық —
Барыстан...
— Тосылма мына сұрақтан,
Жаралды өзен —
Бұлақтан...
* * *
Бір үлкен ойға қалдым мен:
Жаралды мылжың ал кімнен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter