Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
144

«ЖАНАШЫР»
«Байқадық, — деп, — жанашырын»,
Есетті жұрт мақтайды екен.
Дәптерлерін ағасының
Жоғалтпай ол сақтайды екен.
Деп жүрсе мен: « Есетбегім
Мұндай іске неге бекем?» —
Келер жылы есептерін
Көшіруге керек екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter