file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  03.10.2022
  182


Автор: Ертай Ашықбаев

МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАР ЕМ

Ойлануым тегін бе
Көрсем мектеп алаңын?
Бар үйімде менің де
Дәптерім мен қаламым.
Бояуларым тамаша,
Әрбірінің түрі өзге.
Қарындасым қаласа —
Сурет салам лезде.
«Әліппені» ақтарып,
Әріппен де таныстым.
Отырғам жоқ мақтанып,
Жөнін білем әр істің.
Ағам —
үлгі тұтарым,
Бес жас үлкен,
Ол аз ба?
Қолға алса ол кітабын,
Мен де үңілем қағазға.
Айтсам сөздің келтесін —
Өз көңілім тұр өсіп.
Шығам үйден ертесін
Сол ағама ілесіп.
Ертіп алса не етеді,
Жақсы інісін жақсы аға?
Ол мектепке кетеді,
Ал мен балабақшаға.
Бір ойым бар көкейде,
Қорқам айта салуға.
Дайын тұрам кей-кейде
Мен мектепке баруға.
Оқуға да жарар ем,
Таңқалдырып баршаны.
Ұрыспаса барар ем,
Таңдамас ем партаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу