03.10.2022
  138


Автор: Ертай Ашықбаев

Түтін.

Таңдап-таңдап алды да
Өңшең кепкен бұтақты,
Жер ошаққа салды да,
Әжем шырпы тұтатты.
Таңданып-ақ қалыппын,
Жанып жатыр от баяу.
Мына түтін жағып тұр
Көк аспанға көк бояу.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу