file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  03.10.2022
  129


Автор: Ертай Ашықбаев

Орден

Отырмадым текке мен:
Шарлап ішін бөлменің —
Қолыма алдым еппенен
Атамның бір орденін.
Дәл алдыма қойдым мен,
Шаңын қолмен сүрттім де.
Әсем еді, ой, неткен,
Қап,
көрмеді-ау жұрт бірге.
Көрдім жалғыз отырып,
Менде ешкімнің жоқ ісі.
Жазуы бар,
Оқылық,
Міне:
«Отан со-ғы-сы».
Қумақ болған зұлымдар
Бізді жайлы қоныстан.
«Жауға қарсы тұрыңдар!» —
Менің атам соғысқан.
Біздің әскер —
мықты күш,
Жасады ерлік атам да.
Жау жеңілді,
Бітті ұрыс,
Аман қалды Отан да.
Айрылмадық қоныстан,
Отымыз да өшпеген.
(Атам...
сонда...
соғыстан...
Келмей қалса не істер ем?
Маңдайымнан сүйіп кім,
Деп:
«Немерем ер жеттің»,
Мейірімін құйып кіл,
Ертегі айтып бермек кім?)
Көзіме жас толды да,
Енді ештеңе көрмедім.
...Қойдым еппен орнына
Мен атамның орденін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу