03.10.2022
  674


Автор: Ертай Ашықбаев

ҒАРЫШКЕР

Апта түгіл ай өтті,
Ол ғарышқа ұшқалы.
Қалай сонша дәйекті,
Сонша неткен күшті әрі.
Еш адамға жолықпас,
Гүлге толмас құшағы.
Сонда да бір жалықпас,
Күні-түні ұшады.
Ол кеткенде қыс еді,
Жер беті енді көктеңбіл.
Қашан жерге түседі?
Шыдамды еді неткен бұл?
Сөз болғанда бұл ағай,
Ал ұяла бастаңдар,
Түске дейін шыдамай
Сабағынан қашқандар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу