Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
256

Жайлау
Бір қапталда —
тал, шыбық,
Жасыл жусан —
бір қаптал.
Бәйшешек те баршылық,
Иір-иір құлмақ бар.
Шалғын анау ырғалған,
Өсіп жатыр тасқа гүл.
Кете алмайсың бұл маңнан
Қызық іздеп басқа бір.
Сурет етіп барлығын
Ақ қағазға көшірдік.
Тақырыбы ал мұның:
«ЖАЙЛАУ және ӨСІМДІК».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter