Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
316

КАНИКУЛДА
«КАНИКУЛДА НЕ ІСТЕДІҢ?» —
Қызықтан құр қалмадым.
Шындық —
өзен кешкенім,
Шындық —
қармақ салғаным.
Уақыт бос өте ме,
Шықпасаң да жолға алыс.
Апам менен көкеме
Көрсеттім көп қолғабыс.
«КАНИКУЛДА НЕ ІСТЕДІҢ?» —
Бақшамызды суардым.
Және...
бойым өскенін
Біліп...
қатты қуандым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter