03.10.2022
  176


Автор: Ертай Ашықбаев

Өтініш

Ұшасың қонбай,
Мұның не,
торғай?
Жем шаштым жерге,
Тамақтан,
кел де.
Жалғызбын бүгін,
Жайымды ұғын.
Құрмайын тұзақ,
Кетпеші ұзап.
Отырмын жалғыз,
Ойнайық сәл біз.
Берейін сүт те,
Қорықпа түк те.
Қорықпа бекер,
Берейін шекер...
...Кеттің-ау қонбай,
Мұның не,
торғай?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу