Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
414

ҰШАҚТА
Ағама бардық —
әрі ұштық,
Тәтеме келдік —
бері ұштық.
Аспанмен әбден таныстық,
Шектеусіз екен кеңістік.
Таулардан асу —
түк емес,
Бұлттарды кешу —
ол да оңай.
Иллюминатор —
мың елес,
жап-жарық жұлдыз,
толған Ай...
Ұшағың осы —
ұшады,
Ұшағың осы —
қонады.
...Мен ұшқыш болсам, мысалы,
Мақсатым қандай болады?
Көп балалармен танысып,
Апарар едім келісіп —
Ағаларына...
(әрі ұшып),
Тәтелеріне...
(бері ұшып)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter