file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  03.10.2022
  148


Автор: Ертай Ашықбаев

МЕН ӨСЕМІН

Мен өсемін,
өсемін,
Жасыма жас қосылып.
Інімнің де төсегін
Жинап берем.
Осыны ұқ.
Бұзауды да бағамын —
Айран керек,
сүт керек.
Дейді әжем:
«Қарағым,
Сенен соны күткен ек».
Баламын ғой мен деген,
Керек ойын,
сауық та.
Бірақ...
қазір жем берем
Қаз, үйрек пен тауыққа.
Ойнағым кеп тұрса да,
Тоқтатамын өзімді.
Демалып ап біршама,
Суарамын қозымды.
Қызықсам да жиі мен
Шуылына көшенің,
Көмектесем үйіме,
Мен осылай өсемін.
Сырымды ұқ, дос, менің,
Осыдан ой түй неше —
Кімге керек өскенім,
Үйге пайдам тимесе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу