Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
146

Тырналар
Шомылыпты терек
Алтын сары нұрға.
Ән шырқады кенет
Көкте бір топ тырна:
— Тырау...
— Тырау...
— Тырау...
Таныс ән ғой мынау.
Мұңайыпты терек
Жапырағы түсіп.
Лек-лек тырна, демек,
Кетпек мүлде ұшып.
— Тырау...
— Тырау...
— Тырау...
Қош айтысып жүр-ау.
Таусылып жаз сәнді,
Келгені ғой күз де.
Тыңдап әсем әнді,
Мұңаямыз біз де.
— Тырау...
— Тырау...
— Тырау...
Жаңбыр.
Тұман.
Қырау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter