03.10.2022
  188


Автор: Ертай Ашықбаев

КҮШІКТІҢ ТОНЫ

Кетті күздің сәні де,
Шыға келер қыс та алдан.
Ұялардың бәрі де
Қалды босап құстардан.
Жапырақтар жатты ұшып,
Жүні үрпиді торғайдың.
...Мықтысынды ақ күшік:
«Тоным бар ғой...
тоңбаймын».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу