03.10.2022
  186


Автор: Ертай Ашықбаев

БІЗДІҢ АУЫЛ ҚҰМ ІШІНДЕ

Деме:
«Мұның сүйді несін?»
Біздің ауыл құм ішінде.
Табаныңды күйдіресің,
Өнбей қояр жүрісің де.
Жиектері өрнектеліп,
Құла толқын құбылады.
Торғай біткен шөлдеп келіп,
Көлеңкеге тығылады.
Кесірткелер жүгіреді,
Жаңбырдан соң жарылса құм.
Төбеден Күн үңіледі,
Көкжиегің —
сағым,
сағым...
Қашан мұнда теңіз келіп,
Толар маңай күміс үнге?
Одан басқа нені ізделік —
Біздің ауыл құм ішінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу