file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  03.10.2022
  195


Автор: Ертай Ашықбаев

МЕНІҢ ДАЛАМ

Сендерге бұл өлең
Ұнайды.
Сенемін.
...Даламды,
міне,
мен
Аралап келемін.
Қырға гүл қаптапты,
Ерінбей көп тердім.
Ел дұрыс мақтапты,
Исін-ай шөптердің.
Жұрт мұндай көктемде
Жұмыссыз жатар ма?
Барды,
әне,
өткелге
Машина,
Ат-арба.
Көрдің бе,
Торпағым
Ойнақтап жүргенін...
Мен неден қорқамын,
Өз далам бұл менің.
Ұзартам жолымды,
Даламды кеземін.
Бетімді,
Қолымды
Жуады өзенім.
«Сәл демал, кел», — деді,
Жұп-жұмсақ шалғыным.
Шалғыным тербеді,
Қалғыдым,
Қалғыдым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу