Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
163
АЯЗ-МАССАЖ
Теңегім кеп тұрғаны-ақ
Қарды аппақ мақтаға...
Дайын,
міне,
сырғанақ,
Тұрғызамыз аққала.
Аяз бізді шыңдады,
Шымшып,
тістеп күнімен.
Ұл боламыз тұлғалы —
Анық білем мұны мен.
Аяз —
Массаж,
Ұғып бақ,
Шынықтырар,
біл мұны.
...Ал қалайша шынықпақ
Африка тұрғыны?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter