03.10.2022
  168


Автор: Ертай Ашықбаев

Гүл

Терезенің алдында
Гүл өсіп тұр —
Үй гүлі.
Ерекше сыр бар мұнда,
Бұл —
әпкемнің сыйлығы.
Әпкем сәлем жолдайды:
«Орнықты ма гүл бекем?»
Бұл гүл қыстай тоңбайды.
...Әпкем тоңбай жүр ме екен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу