03.10.2022
  347


Автор: Ертай Ашықбаев

АҚҚАЛА — АҚ БАЛА

Уайымды білмейді,
Қардан соққан ақ бала.
Ол мектепке кірмейді,
Шықпайды ол тақтаға.
Маңдай тері тырысып,
Шығармайды есеп те.
Апалары ұрысып
Қуып тықпас төсекке.
Өрмелемес қақпаға,
Кіріспейді дауға да.
... Болсам мен де ақ бала,
Тұрсам мен де аулада.
Үсімейді құлақ та,
Аяғым да тоңбайды.
... Көктем келсе бірақ та,
Еримін-ау —
сол қайғы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу