03.10.2022
  326


Автор: Ертай Ашықбаев

Сары жапырақ

Өзгерді атырап,
Азайды құс әні.
Сап-сары жапырақ
Ұшады,
ұшады...
Ұшады,
Қонады
Сап-сары жапырақ.
Суық жел соғады,
Желтоқсан жақын-ақ.
Сап-сары жапырақ
Ұшады тынымсыз.
Жүрмейік қапы қап,
Қалмайық түк үнсіз.
Біздер де қамдайық
Конькиді,
етікті.
...Жапырақ сарғайып,
Сарғайып кетіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу