Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
297

ЖАСЫЛ ДАЛА
Жасыл дала,
жасыл дала,
Неткен жасыл аймақ бұл!
Алыста да,
қасымда да
Жасыл гүлдер жайнап тұр.
Мәз боламыз,
қуанышқа
Құшағымыз толып бір.
Ту-у алыста,
ту-у алыста
Бұлттар қырға қонып тұр.
Қырға қара...
Оян, аға!
Өңім, әлде, түсім бұл?!
Бұлттар енді бояна ма
Жасыл түске?
...Түсіндір.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter