file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  448


Автор: Ертай Ашықбаев

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА. ҚҰТТЫҚТАУ

Мерекенің қарсаңы,
Абыржыдық анық біз.
Қыздар әбден шаршады,
Біз де шаршап қалыппыз.
Мерекенің сәні не —
(Жасадық біз бір ерлік).
Ұстаздардың бәріне
Құттықтау хат жібердік.
Зор денсаулық тіледік,
Сөзімізді түзедік.
Кіл ақылды ұл едік,
Кіл ақылды қыз едік.
Мұны бізден күтті ме ел?
Тіледік біз көп табыс.
Қол да қойдық түп-түгел,
Ешкім қалған жоқ қалыс.
Деме:
«Хатты көп салдың»,
Осынымыз мақұл-ақ.
...Қорытындысы тоқсанның
Шығатын кез жақын-ақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу