file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  428


Автор: Ертай Ашықбаев

Сауал

Шықты бүгін секіріп
Күнделікке екілік.
Қалай қайтар есеміз
Екіліктен толған кіл?
Бұл КІТАПТЫ кеше біз
Шығармап ек қолдан бір.
Күнделікке екілік
Қалай шықты секіріп?
Көлге түстік,
жаурадық,
Бұлақ әнін тыңдадық.
Көгалға да аунадық,
КІТАП қолда жүрді анық.
Күнделікке екілік
Қалай шықты секіріп?
Өрмеледік ағашқа,
Тұрды иіліп бұтақтар.
Ол кезде де,
Таласпа,
Қолымызда КІТАП бар.
Күнделікке екілік
Қалай шықты секіріп?
Киноға да кірдік бір,
Оқиғасы күшті еді.
Сол кезде де,
Шындық бұл —
КІТАП қолдан түспеді.
Күнделікке екілік
Қалай шықты секіріп?
Көп көбелек ұстадық,
Қолымызға тор да алып.
Кетті күн тез қысқарып,
КІТАП қолда болды анық.
Күнделікке екілік
Қалай шықты секіріп?
Түсінбедік түкті де,
Түсінбедік тіпті де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу