Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
421
Туған күн
Шықты неге сабақтан
Көрші сынып шаттанып?..
Сұрап едік Қанаттан
Айтты сырын мақтанып.
...Е, түсіндік,
Бәрінің
Шат жүргені бекер ме? —
Бүгін апайларының
Туған күні екен де.
Апайлары
сабақта
Бұл датаны ескерген.
Ұрыспапты Қанатқа
Қоңыраудан кеш келген.
Отырыпты күлімдеп
Әңгіме айтып шаттана.
«Ал кім дайын бүгін?» — деп,
Шақырмапты тақтаға.
«Бұл бір үлгі боларлық
Оқиға» деп ұғындық.
Сыныпқа тез оралдық,
Күнпараққа үңілдік.
Күнпараққа қараймын
Тәтті қиял жеңіп бір.
...Эх!
Туған күні ағайдың
Жексенбіге келіп тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter