Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  152


Автор: Ертай Ашықбаев

БІЛІМ КҮНІ

Ең әуелі ойланам:
«Жеттім бе, — деп, — мұратқа?»
Бұл күн әрі той маған,
Бұл күн әрі сынақ та.
Көз алдымда тұр менің —
Ұқпағаным,
ұққаным,
білмегенім,
білгенім.
Аз ба,
көп пе —
ұтқаным.
(Әділ сын күт әр істен,
Ойлан, қыздар,
ойлан ұл!)
Келдік пе біз табыспен,
Қуанышты тойға бұл?
Қандай пәнді үлгеріп,
Қанша рет мен «қап» дедім?
Қызармай ма күнделік,
Ұялмай ма дәптерім?
Қандай іспен ұнадым,
Қандай шәкірт атанам?
Риза ма мұғалім,
Риза ма ата-анам?
Жыл ішінде не тынды?
...Тұрмын санап ойша әлі.
Күлкі, ойын... секілді
Ойлану да — той сәні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу