Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  157


Автор: Ертай Ашықбаев

Қаңтар

Сақ-сақ күле беремін,
Себебі де бар мұның:
Мерекесі мен едім
Шаналардың...
шаңғының...
Сыйла мені.
Жарай ма?
Мен — Ақсақал атамын.
Ашулансам алайда
Қар шашады қаһарым.
Аязым бар тоңдырар,
Жүргенің жөн сақтана.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — омбы қар,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — аққала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу