file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Кеңшілік Мырзабеков

Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабеков (06.06.1946, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Жәнібек Тархан ауылы — 30.01. 1989, Алматы) — ақын. ҚазМУ-дың журналистика факултетін бітірген (1976). 1966 – 89 жылы Қостанай облысы “Коммунизм таңы” (қазіргі “Қостанай таңы”), “Лениншіл Жас” (қазіргі “Жас Алаш”), Алматы облысы “Жетісу”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде, “Жазушы” баспасында, “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында қызмет атқарды. Ақынның алғашқы жинағы “Іңкәр дүние” 1972 жылы баспадан шықты. Оның “Сәруар” (1980), “Революция перзенттері” (1980), “Қасиетті қас қағым” (1985), “Дәуір – дастан” (1988), “Ауыл мен астана” (1994) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Ақын өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншілік пен өмірге іңкәрлік, лирика сан түрлі толғаныстар басым. “Балалық шақ балладалары” атты жыр жинағы зерттеушілер тарапынан жоғары бағаланды (1987). Ол Е.Евтушенконың “Менің шешем және нейтрон бомбасы”, “Фуку” атты поэмаларын қазақ тіліне аударды (1989). Сондай-ақ ақынның “Іңкәр дүние” (1990), “Бір мысқал” (1996), “Жолға салдым көшімді (2002), “Менің мұңым – махаббат” (2003) атты жыр жинақтары мен “Тың туралы толғау” (1987) секілді мақалалар, очерктер жинағы бар. Мырзабеков жайында “Қайран Кеңшілік!” атты естелік кітап жарыққа шықты (1996).

2006 жылы Алматы қаласында Кеңшілік Мырзабековтың құрметіне көшенің аты берілген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:

Ұя