Мархабат Байғұт
Мархабат Байғұт (25 мамыр, 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Пістелі ауылында туған) — жазушы, журналист, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты (1996). Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2007). Қазақстанның Құрметті журналисті (2009).