file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Күләш Ахметова

Күләш Ділдәқызы Ахметова (1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында туған) — ақын, журналист, аудармашы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978). Жамбыл облысының құрметті азаматы. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Күләш Ділдәқызы Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында дүниеге келген.
Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген
1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін мейірбике мамандығы бойынша бітірген
1973 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша бітірген
Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973-1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдары «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.
«Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды.
Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:

Ас