file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Талғат Айтбай

Талғат Айтбай, Тоғанай (5.5.1954 жылы туған, Жуалы ауданы Қошқарата ауылы) – жазушы, журналист. Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1981).

1981 – 89 жылы «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,
1989 – 93 жылы Қазақстан Жазушылар одағында қызметкер, «Әлем» альманағының бас редакторы,
1993 – 94 жылы Алматы облысы теледидарында саяси шолушы,
1994 – 95 жылы «Халық кеңесі» газетінде бөлім меңгерушісі,
1995 – 99 жылы «Арай» журналында бас редактордың орынбасары болды. «Тоғанай Т» ЖШС-тің директоры, балаларға арналған «Жыл – он екі ай» альманағының бас редакторы.
1994 жылы «Алматы. 1986 желтоқсан», «Алма-Ата. 1986. Декабрь» топтама кітапты құрастырушы-авторлығы үшін Қазақстан Журналистер одағының сыйлығын алды. Оның аударуында В.Михайловтың «Хроника великого джута» публицист. кітабы «Ұлы жұттың жазбалары» деген атпен жарық көрді. Ол «Нан мен тер», «Ән әлемінің Әбиірбегі» атты сыр-сұхбат кітаптардың, қазақ, орыс тілдерінде шыққан «Мың бір күн, мың бір түн» атты деректі романның, «Жуалы» атты тарихи-танымдық кітап авторларының бірі. А. жазған сценарий негізінде «Бәйтерек», «Жамбыл» деректі фильмдері түсірілген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: