Мо Янь
Мо Янь (қыт. 莫言) - қазіргі қытай жазушысы. 1955 жылы 17-ақпанда ҚХР-ның Шаньдун провинциясында туған. Мо Янь - қытай тілінен аударғанда «үндеме» дегенді білдіретін лақап аты. Шын есімі – Гуань Мое (қыт. 管谟业). «Қызыл гаолян» фильмі түсірілген роман авторы ретінде танымал. Гонконг ашық университетінің құрметті филология докторы.