Зияш Құнанбай
Зияш Құнанбай — 1953 жылы 30 наурызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылында туған.
1976 жылы Алматы қаласындағы зоотехникалық мал-дәрігерлік институтын тамамдаған.
Еңбек жолын Жамбыл қаласындағы «Тері илеу және өңдеу» зауытында қатардағы жүмысшыдан бастаған.
1976 жылдан Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Георгиевский» кеңшарында зоотехник-селекционер,
1980 жылдан Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы «Жасөркен» жеміс-жидек кеңшарында бас зоотехник,
1983 жылдан Торғай облысы, Қима ауданындағы «Авангард» кеңшарының бас зоотехнигі, директоры,
1986 жылдан Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы Аса кеңшарының бас зоотехнигі қызметтерін атқарған.
1989—1998 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданындағы «Көлқайнар» ауыл шаруашылық кооперативінің төрағасы,
1998 жылдан Ақмола облысындағы Степногорск қаласында «Жаңалық» деген атпен газет, « Стелла » телерадиокомпанясының жанынан қазақ тілінде «Шолу» атты телеарна ашқан. Өзі редактор, телерепортер-журналист қызметін бірге атқарыл, монтаждау жұмысына белсене араласқан. «Операция опиум» атты 2 сериялы фильмнің сценарийін жазған.
2002 жылдан Жамбыл облысы әкімшілігінің табиғи ресурстар және табиғат байлықтарын пайдалануды реттеу департаментінің баспасөз хатшысы әрі өзі ашқан «Арыстан» газетінің Бас редакторлық қызметін бірге атқарған. Қазір Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты «Жас кешу» шаруа қожалығының зоотехник-малдәрігері.
Қаламгердің мақалалары, очерк, повестері газет беттерінде жарияланып тұрады. «Соңғы сапар», «Кездесу» атты романдары жарық көрген.