Сейітжан Омаров
Омаров Сейітжан (22.6.1906 Ақмола облысы Атбасар ауданы Керегетас ауылы — 19.12.1985, Алматы) — жазушы, журналист.
Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан.[1] Қостанай халық ағарту ин-тын бітірген (1932). ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1930 - 42 жылдары мұғалім, аудандық, облыстық, республикалық газеттерде редактордың орынбасары жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі 1946 - 66 жылдары "Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жұлдыз") журналының жауапты хатшысы, Қазақ мемл. көркем әдебиет (қазіргі "Жазушы") баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан жазушылар одағы басқармасының қазақ бөлімшесінің директоры болған.
1966 жылдан шығарм. жұмыста. Алғашқы "Бақыт" әңгімелер жинағы 1938 жылда жарық көрген. "Заман күші" (1948), "Әңгімелер" (1953), "Балзия" (1960), "Қайырлы жаз" (1961, 1976), "Алтын алқап" (1963), "Күн шуақ" (1965), "Дала кызы" (1967), "Бақ жұлдызы" (1969), "Қиыр жол" (1974), "Қасиетгі бұлақ" (1983), т.б. повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қызыл арай" (1970) романы басылып шыққан. Орыс жазушылары Л.Н. Толстойдың балаларға арналған әңгімелерін, А.П. Чеховтың, [A.M. Горькийдің шығармаларын, В.П. Катаевтың "Жалғыз жалау жалтылдап", "Полк баласы" повестерін, неміс филологтері ағайынды Гриммдердің ертегілерін, башқұрт жазушысы С.Құдаштың повестерін, чех жазушысы Б.Немцованың "Алтын кітап", "Күміс кітап" ертегілерін қазақ тіліне аударған. Омаровтың туындылары шетел тілдеріне аударылған.