file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ермахан Шайхыұлы

Әбдіраман Ермахан Шайхыұлы - 1966 жылы 29 қаңтарда Түркістан қаласында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасында редактор, «Түркістан» газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қалалық әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Түркістан тынысы» телеарнасының директоры, «Бикеш», «50 де 50» газеттері мен «Той-қазына» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде дәріс берді. Әр жылдары «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, «Айқын» газетінің тілшісі, меншікті тілшілер қосынының меңгерушісі, бас шолушы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, шығарушы редактор болып істеді. Қазір «Аннұр сапа» баспасының бас редакторы. 2007–2009 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында қайта ашылған «Қымызхана» әзіл-оспақ отауының сценарилерін жазды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: