Райхан Ібінқызы
Райхан 1938 жылы Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Жайыр жайлауында дүниеге келген. 1955 жылы орта мектепі бітіріп, 1955-63 жылдары орта мектепте тіл-әдебиет пәнінен сабақ берді. 1963-78 жылдары «Тарбағатай газетінде» әдеби қызметкер, 1978-94 жылдары «Іле халық баспасында» редактор болып жұмыс істеп, осы мекемеден зейнетке шыққан.
Оның «Қарамайлы» деп аталатын тұңғыш өлеңі 1956 жылы «Шынжаң әдебиет өнері» жорналында жарияланды. Қазірге дейін «Қарғалдақ», «Көңіл сазы», «Тұрымтай», «Телқоңыр», «Жүрек сыры» атты өлеңдер жинағы, «Ойламаған оқиға», «Қарымжы» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.
Ақын Р. Ібінқызының «Құрбыжан» ән сөзі 1986 жылы мемлекеттік 1-бірінші дәрежелі сыйлық алып, алтын медальмен марапатталды. Ән сөзі ханзу тіліне аударылды. «Партия» деген ән сөзі 1992 жылы Алматыда рындалып, 1-дәрежелі жүлде алды. 2004 жылы «Келініме хат» желілес өлеңдері, 2011 жылы «Қара май бастауы» повесі автономиялы райондық қазаққырғыз жазушыларына арналған «Тұлпар» сыйлығын
еншіледі.
Райхан Ібінқызы Жұңго азсанды ұлт әдебиетшілер одағының, Шынжаң Жазушылар одағының, Іле қазақ жазушылар одағының мүшесі.