file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Сақып Керелбаев

КЕРЕЛБАЕВ САҚЫП БҮРКІТБАЙҰЛЫ – 1947 жылы Маңғыстау ауданының Таушық ауылында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын, Алматы Жоғарғы партия мектебін, Ресейдің Плеханов атындағы Мемлекеттік академиясын бітірген – экономист, саясаттанушы, менеджер.
Маңғыстау ауданындағы кеңшарларда аға есепші, бас экономист, Маңғышлақ облыстық партия комитетінде нұсқаушы, бірінші хатшының көмекшісі, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы және аудандық кеңес төрағасы, облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, «Маңғыстау» агрокомбинатының бас директоры, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, облыс әкімінің бірінші орынбасары, «Аджип» ККО директорының кеңесшісі, «ОКК» ЖШС директорының кеңесшісі қызметтерін атқарған. «Құрмет» ордені мен 7 медальдің иегері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және Маңғыстау облысының «Құрмет грамоталарымен» марапатталған. Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, запастағы полковник. ҚКП XV, XVI, XVII съездерінің делегаты, Гурьев және Маңғыстау облыстық кеңестерінің депутаты болып сайланған.
«Бекет Ата асы шежіресі», «Маңғыстау», «Сұрасаң руымды – Дәулеталы», «Мың бояулы Маңғыстау» кітаптары авторларының бірі, «Түбектің танымал тұлғалары» атты кітабы жарық көрген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: