file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Құлан Алдабергенұлы

Құлан Алдабергенұлы (1861, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақтөбе ауылы – 1934, сонда) – ақын. Бала кезінен батырлық қисса-дастандарды жатқа айтып, ел арасына ерте танылған. Өлең шығарып, ауыл адамдарының оғаш мінез-құлықтарын мінеп, сүйіспеншілік, достық, ынтымақ тақырыптарына қалам тарта бастайды, өз замандастарымен айтысып, бақ сынайды. Құланның Шегір, Перне қыздармен айтыстары сақталған. Ақын бертін келе ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік тақырыбына шығарған өткір өлеңдерімен танылды. Құланның “Достық”, “Әйелдер бар әр түрлі”, “Бұл дүниеде не ғаріп?”, “Аузымда өлең деген алмасым бар”, “Адам боп дүниеге жаралған соң”, т.б. толғау жырларынан өмір мен адамшылықтың мәні туралы философиялық ой-түйіндері айқын аңғарылады. Ақынның үш мың жолдан астам жыр шумақтары Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорында сақтаулы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: