file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Сәуле Досжанова

Досжанова Сәуле Мағазбекқызы 1960 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысының Ұйғыр ауданының Ақтам ауылында туылған.
1974 жылдан бастап аудандық «Іле аңғарында» және облыстық «Жетісу» газеттеріне өлеңдері мен мақалалары жарық көре бастаған. Жергілікті көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болған. Мектепті үздік бітірген.
1987 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін, 2006 жылы Орталық – Азия Университетінің заң факультетін бітірген.
Университет қабырғасында оқып жүргенде жас ақындардың «Аудитория», «Тоғыз перне», «Қарлығаш»
жыр жинақтарына еніп, сол кездегі жастардың «Жігер» фестивалінде лауреат болып республикаға таныла бастаған.
«Социалистік Қазақстан» газетінде корректор, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында Бас редакторының орынбасары, «Ұлағат» журналының тұңғыш Бас редакторы болып қызметтер атқарған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: