Гераклит

Эфестік Гераклит (Ἡράκλειτος, б.з.д.535 – c. 475ж.) антикалық филсофияның бірегей өкілдерінің бірі, Эфес мектебінің ұстазы, Сократқа дейінгі философияның көшбасшыларының бірі. Ол диалектикалық ойлау дәстүрінің негізін салған ойшыл. Табиғат философиясы дәстүрін жалғастырушы. "Логос", "От", "Ағын", "Қайшылық" ұғымдары арқылы өзінің онтологиялық философиясын қалыптастырған. Оның мағынасы терең нақыл сөздері бүгінге дейін айтылады. Ақсүйек болса да, бірақ мінезі тұйық, мұңлы жүзді болғандықтан, әсіресе жазған, айтқан сөздері астарлы, күрделі, сырлы болып келетіндіктен замандастары оны Тұңғиық әулие деп атаған екен.

Гераклит философиясы грек философиясының алғашқы қалыптасу кезеңіне тұспа тұс келеді. Оның идеялары кейінгі ғасырдағы көптеген ойшылдарға, философиялық бағыттарға әсер етті. Гегель тапқырлаған "диалектиканың үш заңы" Гераклиттен алған шабыттың жемісі екені байқалып тұр және мұны Гегельдің өзі де мойындайды. Ол қалыптастырған логоцентризм жосыны постмодернизм бойынша еуропаның 2500 жыл бойғы негіздік ойлау ерекшелігі болған делінді.

Гераклитті гносеология мәселесін тұңғыш көтерген ойшыл деуге де болады. Ол сезімдік танымға мән берді, сезімдік танымның рас-өтірігін алғаш рет қарастырды, адамзаттың ортақ парасатқа (логосқа) ие екенін түсіндірді. Ол философияны адам танымы мен таным субъектін тану ретінде қарастырған алғашқы ойшыл деуге болады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: