Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)
Жүніс Сақұрпағы (Сахиев) – Жазушы-болашақгер, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби, Халықаралық Байқоңыр сыйлықтарының лауреаты, бұрынғы КСРО Ғылым академиясы құрамындағы Бүкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі.
Қазақ орта мектебін бітірген 1966 жылдан 1972 жылға дейін аудан орталығында телеграфшы, Қазақстан Республикасы Гедрометерология қызметі Шаян стансасында ауа райын бақылаушы, әскер қатарында қысқа толқында жұмыс жасайтын радиостанцалардың радисі болды. 1977 жылы Әбу Нәсір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унивесритетінің филология факультетін бітірген. 1977-1980 жылдары мерзімді баспасөзде аудармашы, 1980-1986 жылдары «Мектеп» баспасының Тарих және геграфия, Қазық тілі мен әдебиеті редакцияларында редактор, 1986-1988 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік Комитетте аға редактор, 1988-1999 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясының Техника және Астрономия ғылыми редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2002 жылдан Астанадағы «Фолиант» баспасының бас редакторы.