file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Сабырхан Асанов

Сабырхан Асанов (1937, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Иіркөл ауылы — 17.08.1996, Алматы) — ақын. ҚазМУ-ді бітірген (1960). Шығармашылық қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы “Кировшылар үні” газетінің жауапты хатшысы болып бастады. Ұзақ жылдар “Социалистік Қазақстан” газеті, “Жұлдыз” журналы, “Қазақ әдебиеті” газеті редакцияларында қызмет атқарды.

Асановтың алғашқы өлеңдері “Оңтүстік Қазақстан” облысы газетінде жарық көрді. Ақынның “Тұңғыш кітап” (1963), “Алматым менің жас шағым” (1968), “Ленинге барғанда” (1970), “Шолпан” (1974), “Ақбота” (1976), “Қоштасқым келмейді” (1978), “Бақытымды жырлаймын” (1980), “Қызғалдақ күндер” (1981), “Сағындырған көктем” (1983), “Сағынамын” (1986), “Көктемнің шуақты күндері” (1987), “Елу көктем” (1990) жыр жинақтары жарық көрген.

А. Байрон, Тоқтағұл, Я.Купала, Ф.А. Файз, С.Данилов, Р.Ғамзатов, И.Абашидзе, Е.Евтушенко сынды ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ақын өлеңдері орыс, неміс, латыш, татар, башқұрт, якут, қырғыз т.б. тілдерге аударылған.

Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: