Туған жер, қандай қасиетті , неткен ыстық сөз! Туған жер деп қай ақын толғамаған, қай жазушы тебіренбеді десеңші?! Әр адамның жүрек төрінен орын алатын қасиетті мекен, жырақ кетсең сағынатын мекен. Туған жер- алтыннан да қымбат қазына. Әр адамның туған жері туған анасындай қастерлі. Туған жердің әрбір тасы, әрбір сайы естелік тұнған ғажайыптар. Есейеміз, ер жетеміз туған жерді тастап арман қуып қалаға келеміз. Мүмкін шет елге де кетерміз, бірақ туған жерге деген сағыныш бәрібір жүрек түкпірінде тұрады-ау шіркін! Туған жерден жырақта жүрсең сол өңірдің өңі таныс....
«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деп тегін айтылмаса керек. Әрбір Отан ұғымының қадірін білетін, туған жер сөзінің терең мағынасын түсінетін азамат үшін кіндік қаны тамған топырақ киелі де қастерлі.Туған жерге деген махаббат ана сүтімен дарыса керек. Бала шақтан бастап топырағына аунап, шаңын жұтқан жер, туған ауыл, асыр салып ойнаған көше адамның есінде мәңгі қалады, жүрегінде жатталады.Туған өлке қадірін білу осы сәттен-ақ бастау алады. Себебі, жазғы демалыста өз ауылыңнан басқа қалаға қыдырып кетсең, туған ауылдың көшелері көз алдыңа келіп, қол бұлғап....
Тәуелсіз ел тарихы! Ерте заман, о бастан қазақ халқы, Ел болуға талай ғасыр шайқасты Үйсін, сақтар, ғұндардың патшаменен батыры, Еуропаның төріне даңқы өрлеп жайғасты, Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті, Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті Зар заманда бірігіп, жұдырық пен найзасы Қорғады ғой өле-өлгенше басқа ұлт пен теңдікті. Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып, Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр Бастан кешкен зар заман, отаршылдық езгісін, Болашағы елімнің, бүгінгі ұрпақ көрмесін!!! Әдікенова Марфұға Азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы – ел тәуелсіздігіне тура жиырма бес жыл толады. Иә, бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан-ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған қаһарман халықтың тәуелсіздігін таныған қуанышты хабар ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты. Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып, осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың өз аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз. Тәуелсіздік мағынасы өте зор, тамыры терең ұғым, ал тәуелсіз ел болу дегеніміз не?....
Мен сіздердің өз өмірлеріңізбен ел өмірін толыққанды, сәнді және бояуы қанық ете алатындарыңызға кәміл сенемін. Жаңа ғасырға Қазақстанды сіздер алып барасыздар! Н.Ә.Назарбаев
Мен биылғы жылы он бес жасқа қадам бастым. Бала деуге келмейтін, бойжеткендеуге жетпейтін, жасөспірім кезеңге аяқ бастым. Білгенімнен білмейтінім, көргенімнен көрмегенім көп. Мен үшін жұмбақ, таңсық нәрселер жетерлік. Өзгермелі қоғамда, дамыған заманда болашағымды болжай алмасам да,келешекке үлкен сеніммен, алдағы өмірге деген үкілі үмітім бар.
XXI ғасырда болашаққа қарыштап қадам басқан елімнің жетістіктерін күнделікті баспасөз беттерінен оқып танысамын, теледидардан көріп марқаямын. Асқақтаған Астанам, көкпен таласқан Бәйтерегім, жұрттың көз-қуанышына айналған туған жерімнің табиғаты мен оны мекен еткен ұлыс пен ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрмысын мақтан етемін.Кім келсе де құшағын жая қарсалатын, нанын бөліп жеуге даяр тұратын, қызын аялаған, ұлын ардақ тұтқан, бейбітшілікті ту еткен ерекше елдің перзенті болғаным үшін шаттанамын. Елімнің қай түкпірін сөз етсем де туған жерге деген сезімім сана төріне сан түрлі ой, толқыныс әкеледі......
Туған жер-адамның кіндік қаны тамған,қанаты қатайған,арманы асқақтаған қасиетті мекені. Туған жері жайлы жүрек тебірентер өлең шығармаған ақын,әсем әнін арнамаған әнші,бояумен махаббатын жеткізбеген суретші жоқ. Олар туған өлкелеріне деген ыстық махаббатарын сөзбен немесе суретпен,күймен немесе әнмен жеткізген.Ал мен өз кезегімде еліме деген шексіз махаббатымды осы мақаламмен жеткізгім келеді.Егер бұл мақалам кем дегенде бір адамның жүрегіне жетсе,авторы ретінде менің арманым болмас еді. Осы мақаланы жазу барысында менің....
Адам баласы дүние есігің ашқанда туған анасынан кейін құшақ жая қарсы алып,бауырына басатын екі ыстық ұясы болса,соның бірі - кіндік қаны тамған жері болып табылатын алтын ұя бесігі,ол – Туған жері.Туған жер туралы әңгіме қозғағанда не болмаса ой толғағанда «Туған жер - алтын бесігім»,«Туған жер - тұғырым» - деп жатамыз.Мұндай теңеулердің туған жерге қатысты айтылуы да заңдылық.
Туған жер – киелі ұғым.Мен үшін бұл ұғымның мәні мен мағынасы өте терең.Қарап отырсам,адамның Отанға,туған елге деген ерекше ілтипаты мен ұлы сезімі осынау аядай ғана шағын бесіктен,туып өскен жерінен,оның әр тау-тасын сүюден басталатын болса,бұл күнде біздің бойымыздағы таза....
Туған жер ұғымы ең асыл, ардақты қасиетті ұғымдардың бірі. Бұл әрбір адамның дүние есігін ашып, кіндік қаны тамған жер. Тәй-тәй басып, мектепке ең алғаш қадам басқан, өсіп-өңген асыл мекені. Ең бастысы Туған жер – ол отбасың мен жақындарың, жанында бола алатын. Жүрегінің төрінен ерекше орын алып, алыстасаң ақсайтын құт мекен. Менің туған жерім ол дархан қазақ даласы, құс ұшса қанаты талатын, кең-байтақ, жан-жайсақ қазақ елі. Мен....
Туған жер адам жүрегін тебірентетін ,сағыныштан сыздатып , көзге жас келтіріп оған қалай құсша ұшып баратыныңды байқамай да қалатын,ерекше құдірет иесі .Туған жердің жусаны , өзенкөлі , табиғаты , тіпті ауылымның тізбектеп орналасқан үйлері мен мұнтаздай таза шағын көшелері,далада асыр салып ойнап жүрген балалар , көл жағасындағы жайылып жүрген қозылақтар , саба пісіп , құрт қайнатып жүрген әжекеліншектер туған жер десе көз алдыма елестейді.Бәрінен қызығы кешке қарай мал өрістен келгенде басталады . Шуылдаған бала,жамыраған мал, өте керемет қөрініс.Пайпай....
«Туған өлке батыры » «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай Ерлердің ісі бітер ме» - деп әрі батыр,әрі ақын Махамбет Өтемісұлының ерлікке шақыратын екпінді, жігерлі қанатты сөзі жас ұрпақты жігерлендіріп келеді. Елдің абыройы халықтың рухында жатыр. Рухы әлсіз халықтың болашағы бұлыңғыр. Қай мемлекет болсын өз іргетасын ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымен қабыстырған. Ата-бабаларымыз «Ақтабан-шұбырынды, алқакөл-сұламаны» бастан өткізіп, тәуелсіздіктің, ұлан-ғайыр даланың тарихын қан кешу арқылы тасқа басып кетті.Міне,бабалар аңсаған азат күнде өмір сүріп жатырмыз. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге....
2002 жыл еді... Ауа-райы жайдарлы,өте керемет, күн шуағына бөленіп гүлдер өсіп, барлық тірі жанды денелердің бәрі жер бетіне шығып, кереметтей көктем мезгілі басталған уақыт еді. Қазақ халқының «Жаңа жылын», күн мен түннің теңесетін күнін көру үшін он жетінші наурыз күні дүние есігін аштым. Кішкентай кезімнен өсіп- өнген жерім қазіргі Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Мен үшін Түркістан қаласы жылдың қай мезгілі болмасын өте қатты ыстық. Өйткені бұл жерде ата-анам, мектебім....
Қымбат сөз, ұғынған жанға! Дүние есігін шырылдап қаққаннан сізге таза ауасын,мөлдір бұлағын,жасыл жайлауын,бұлттармен таласқан асқар тауларын,құнарлы ,жұмсақ жерін,шырынды жемісі мен ырысы мен асын сыйлаған мекен. Ақындардың сөзмоншағы,күйшілердің күмбірі,суретшілердің бейнелеуі туған жеріне деген сезімін жүректен жүрекке еш қиындықсыз жеткізіп отырған.Саналы адамзаттың бәрі де туған жерін сүйіп оған тым болмаса жылы лебізін мен жақсы тілегін арнаған. Туған жер жайлы ойлап отырып бала күнгі....
Туған жер... Тек осы сөздерді естігенде менің бар ішкі дүнием құлпыра бастайды. Бұл сөз тіркесі қаншалықты құдіретке ие екенін айтсаңызшы! Әрине, басқалары үшін ол әртүрлі мағынаны білдіретін шығар. Бірақ бір нәрсе әрқашан өзгеріссіз қалады – ол бүкілінде құрмет сезімін танытуы тиіс. Қазақстан – бұл мені осы дүниеге әкеліп, өсірген анамның, тәрбиелеп, өмірге қажет нәрсені көрсеткен әкемнің, оларды өмір сүруге үйреткен ата-әжелерімнің, маған қажет кезде көмек беретін аға-әпкелерімнің, әрдайым қол ұшын созуға дайын тұратын жолдастарымның туып өскен жері. Сол себепті, осы жердің мен үшін маңыздылығы одан сайын арта түседі. Біздің халық тек 1991 жылы егемендігін алып, өз Республикасын...
Туған жер-ұлы ұғым. Туған жер, отан, туған ел -барлығы адамға ыстық, қасиетті де қастерлі ұғымдар болып табылады. Бұл киелі ұғымдардың астарында қаншама мағына жатыр десеңізші?! Туған жер сенің қызыққа толы балалық шағыңды, ауылыңды есіңе түсіретіні анық. Мен өз отанымды «менің туған жерім» деп асқақтап, ерекше сезіммен айта аламын. Туған жер әлемдегі ең ұлы нәрсеге пара-пар. Себебі, оның құдіреттілігі ештеңеге тең келмейді. Менің туған жерім, Отаным- тәуелсіз Қазақстан. «Отан-оттан да ыстық» деп атам қазақ айтқандай, туған жерім мен үшін ыстық. Қазақстан-қазынаға бай, көркем ел. Оның сұлулығын сөзбен....
Туған жерім-Түркістан,туған елім-Қазақстан. 2002 жыл еді... Ауа-райы жайдарлы,өте керемет, күн шуағына бөленіп гүлдер өсіп, барлық тірі жанды денелердің бәрі жер бетіне шығып, кереметтей көктем мезгілі басталған уақыт еді. Қазақ халқының «Жаңа жылын», күн мен түннің теңесетін күнін көру үшін он жетінші наурыз күні дүние есігін аштым. Кішкентай кезімнен өсіп- өнген жерім қазіргі Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Мен үшін Түркістан қаласы жылдың қай мезгілі болмасын өте қатты ыстық. Өйткені бұл жерде ата-анам....
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегімен әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» - деп туған жердің қадір – қасиетін ерекше атап өтеді. Туған жер десе тебіренбейтін пенде жоқ шығар, сірә? Туған жер – әрбір жанның дүниеден бейхабар дәрменсіз періштеден ес біліп, ер жеткенге дейінгі өсіп – өнген, дүниені таныған түп қазығы. Әрбір адамға туған жерінің табиғаты, адамдары, жан – жануары, жоталары, тау – тасына дейін ыстық болып көрінеді. «Туған жердің түтіні де ыстық» деген мақал осыдан қалса болса керек. Барлық....
Дархан даланы көсіле орналасқан Қызылорда облысының табиғатының көркем болғаны барлығымызға белгілі. Қазіргі уақыттағы қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты. Екі жүз жылдан астам тарихы бар облыс тұрғындарының пейілінің кеңдігі, қонақжайлылығымен қоса жандары тазалықты сүйетіні тағы бар. Бәлкім,аумақтың тазалығы да сол адамдардың жер тазалығына қосқан үлесінің арқасы болар. Адам баласы табиғат игіліктерін, күнделікті қажеттіліктерінің бәрін табиғаттан алады. Ал табиғатқа келетін зардаптар өзімізге қайта айналып келетіні....
Мен қазақстандықпын. Яғни, Қазақстан Республикасының азаматымын. Ұлтым – қазақ. Дүниеге Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін келдім. Сондықтан, елімнің қазіргі азаматтарының ішіндегі Совет үкіметін тек тарихтан ғана білетіндердің қатарынанмын. Әрине, атамнан, әжемнен, әкемнен және анамнан естіп білген тұстарым да бар. Ол кісілер үлкен тарихи құбылыстың куәләрі… Ал, біз, Қазақстанның бақытты ұрпағымыз! Біздің дәл осындай бақытты болуымызды бабаларымыз о бастан тілеп келді… Қанның иісі тарамаған ауаны жұту, қанға....
Сайын қазақ даласы, киелі қара топырағымның аңғыған иісі...Адам бойында көзге көрініп, қолмен ұстамаса да жүрегін кернеп, тұла бойын шымырлататын ерекше махаббат сезімі болады. Соның ішінде туған жерге деген махаббатты сезініп көрдіңіз бе?! Мен ес білгелі орыстанған кішкентай ауылымыз біздің отбасымызды «оралмандар» деп атаушы еді. Отанға, туған жерге деген сағынышты, ерекше махаббатты сол «оралмандардан» көрдім. Сол «оралмандарыңыз» тілін шұбарлатпай, қазағымыздың бай тілін барынша паш етіп, көркем сөйлеп, ата-бабасының салт-дәстүрін бұлжытпай орындап, қаскелең ұрпақтың санасына сіңірді. Соның бір дәлелі еліміздің болашағы жастар, мына - мен. Ел басшылығының көрегендік саясатының....
Туған жерім –Қазақстан! Осы сөздің өзінде соншама күш, соншама ұлылық. Барша қазақ жері менің туған жерім, Отаным.Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан-ақ, оның тарихы сол кіндік қаны тамған жерге жазылады. Туған жеріміз біздің өткеніміз, біздің болашағымыз. Қай жерде тіршілік ет, қандай ғажап жердің мөлдір суын татсаңда, туған жердің суындай кәусәр, оның шаңындай қымбат жер табылмайды. Тағдырың мен байланған тарихың сенің өзегің,тұтас өзің. Ғаламның жеті ғажабын ғаламаттап жатсаңда, соңғы деміңді туып-өскен өлкеде шығарып, сол жердің....
Мен туған өлке, мен туған өлке қандай дейсіз ғой, мен жазамын, ал сіз оқыңыз. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен, Туған елдің түтіні де тәтті екен... Неге бұлай бастады деп ойладыңыз ба? Иә, мен де сол кәдуілгі туған жерінен жырақта жүрген жандардың қатарынанмын. Есейіп ер жетсең де, құлпырып бой жетсең де, алып тұлға азамат, ардақты ана болсаң да, туған жердің құдіреті сағынтпай қоймас. Туған жерден жырақта жүрген, жасы жиырмаға жетсе де, әлі күнге бала секілді туған жердің бауырына тығылып, топырағын аңсайтын, сары даласына деген сағынышы таусылмайтын жанның....
Бұл жаһан-дүние жер бетіне адам болып аяқ басқаннан кейін шарайна ғаламшардан бір мекен бұйырары анық. Дегенмен көшіп-қонып, мұхит асып, өзге топыраққа табан тіреп, күн кешіп жүргендер де баршылық. Тағдыр жолы қай арнаға бұрып, қай өлкеден ғұмыр бұйырары беймәлім. Әйтсе де кез келген саналы адамзат баласы үшін жердегі жұмақ мекен «Туған жер» деген атау алған. Өзінің туған жерін мақтан тұтып немесе өзгемен салыстырсадағы мың артық болып көрінетіні де сіз бен біз үшін де өзіндік ақиқат.
Туған жер - адамның бір бөлігі. Жалғыз орын, әсіресе жан үшін қымбат, ондай жер ғаламшардың еш бөлігінде жоқ. Еш бөтен жер, кандай керемет болғанымен, туған жеріңді ауыстыра алмайды. Туған жер-бұл адам дүниеге келген орын. Туған жер адамның өсіп, әлемді танып, алғашқы қадамдар жасап, өмір сүріп, достары пайда болған жер. Туған жерде тіпті ерекше сезімдер де толып жатыр: аспан мен ауа басқа, бөтен жақ сияқты емес. Туған....
Туған жер – алтын ұям,байтақ мекен Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған. Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған!,- Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлап кеткендей туған жеріміз алтын ұямыз. Кең байтақ сахарамыз бойында қасық қаны қалғанша жан алып жан беріп арпалысып өткен бабаларымыздың батырлығымен бізге жеткен ұлы даламыз. Миллиондаған жылдардың белесінде....
Әлемнің ұстазы саналатын Аристотельдің айтуынша, адам туған топырағына тартып туады. Рас, қазақтың киелі топырағы от тілді, орақ ауызды ақындарды, би-шешендерді, жаужүрек батырларды дүниеге әкелді. Топырағына тартып тумаса маң-маң дала Маңғыстауда Махамбеттер дүниеге келер ме еді? Ақ түтек бораны буырқанған Жуалы Бауыржандай батырды бізге берер ме еді? Сұлу Көкше Сәкендей асылды жарық дүниеге әкелер ме еді? Ежелден-ақ көзі қарақты, көкірегі ояу ұлыларды тудырған Семей қазаққа Абайдай дананы берді емес пе? Сондықтан да болар, біздің халық даналығында....
Көктем туа біздің өңірден терістікке бағыт алып, Көктемді канатына қондырып құстар ұшып барады. Жалғыз жарым емес, топ болып ерекше сәнімен, ерекше бір әнімен қиқулап өтеді. Қайда барады, деп сұраушы едік үлкендерден бала күнімізде. Туған жеріне барады, тағыда өмірге ұрпақ әкелу үшін асығып барады,дейтұғын олар, арманды жанарларымен ұзап бара жатқан лекке қарап. Сол құстар қазірде ұ шып өтеді,ертеңде ұшады,мәңгі ұша береді. Сазды да сағынышқа толы әндерін ертеңде айтып өтеді, мәңгілік айта береді. Соңыра күзде, кейін оралғанда да әндетіп қайтады. Ол ән көктемгіден мұңды, өзгеше, кейін қалған Атамекеніне айтып бара жаткан қош-қошы,жаз өмірін, мәз өмірін туған жер төсінде тайраңдап....
Туған жер. Бұл жер шарында құмырсқадай қаптаған адамдар қанша болса, соншалықты әрқайсында алуан түрлі болып елестейтін жанға ерекше жылулық сыйлап, кейде күлдіртетін, кейде күйзелтетін ғажайып сөз. Әрине, қарға да баласын аппағым дер, кірпі де баласын жұмсағым дер дегендей, кім-кімге болсын кіндік қаны тамып, туып өскен жерінің ыстық болары сөзсіз. Таң атқаннан кеш батқанға дейін күйбең тірліктің қамымен өз уақытының қалай өтіп жатқанын кейде «үһ» деп күрсінгенде бірақ түсінетін жиырма бірінші ғасырдың тірі робыттарына айналуға аз қалған, өздерін жұмысбасты деп санайтын адамдар, бар әлемді мойындатқан небір ғұлама, ақын, жазушы, жезаяқ пен жезтаңдайлардың тұла бойларын «туған жер» дегенде....
Қазақстан – Орталық Азияның жүрегінде орналасқан, «Ұлы Даланың» төрінен орын алған, көрінісінен әсерлі сурет қалған, сонау Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғастырар «Азия қақпасының кілті», әрі қойнауында тарихы сыр шерткен, өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген ежелден келе жатқан ұлы....