Қазақтың біртуар азаматы, ұлтым деп шырылдап жүрген Мұхтар Шаханов жастарға, батыстың цивилизациясын аламын деп, канализациясына түсіп кетпеңіздер деп ескерткен болатын. Иә, бұл сөздер қазіргі заманның мұңы да, шыны да. Адамзат баласының дертіне айналған есірткінің қазақ даласына да әлдеқашан келіп үлгергені бәрімізге мәлім. Бойымызға сіңген батырлығымыз, анамыздың сүтімен сіңген адалдығымыз, сонау дәуірлерден бері тамырымызда тулап жатқан таза қанымыз осы бір аждаһаның алдында дәрменсіз күйге түсті. Осынша азғанымыз ба?! Бүкіл жер шарын, адамзат баласын құртып жіберуге шақ қалған бұл кеселге неге дәрменіміз жетер емес? Адамзат бірігіп, қарсы тұра алмайтындай бұл қандай апат болғаны? Әлде жеткілікті деңгейде санамызға сіңіріп, қорғана алмай жүрміз бе?......
Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кетеді.......
Адам баласы дүние есігін етіп ашқаннан бастап, оның денсаулығы әрбір жақын адамды толғандырады. Бала өсе келе оның тәрбиесін қатал түрде қолға алу ата – анасының атқаратын басты бір рөлі болып табылады. Қазіргі жасөспірімдердің болашағы бізді алаңдатуда. Басты қауіп «есірткі» болып отыр. Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем күресуда. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайыншырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да оның жарасы асқынып бара жатқан секілді.......
Есірткі деген сөздің өзі қандай жағымсыз десеңші. Есірткі бұл – ағзаны шірітіп жоятын химиялық зат. Есірткінің түрлері: олар героин, апиын, экстази таблеткалары, молфин, кокаин жатады. Есірткіні пайдалану, сату, шығару заңға қайшы әрекет. Есірткі грек тілінде – ұйқы деген мағына береді. Есірткі адамдарда есеңгірететін әсері бар, ал ол адамның барлық ағзасынан қатты әсер етеді, денесін жансыздандырады. Есірткі – ол улы зат. Адамдардан өлімге әкеліп соғады.......
Адам болу дегеніміз – саналы болу. Сондықтан өмір бойы өлім мен қуаныш,қайғы-қасірет толғандырады. Өзімізді терең түсіну үшін алдымызға мақсат қою керек. Өсіп-өніп келе жатқан алтын ұямыздың қадір....
Жолда келемін. Поезд зулап келеді. Менің өлкемнің сұлу табиғатына сірә да, адам баласының көзі тойған ба. Анам да терезеге қарап, сыртқа үңілумен отыр. Ал, мен қарсы алдымда отырған бейтаныс жолаушы ананың жүзіне үңілумен отырмын. Бейтаныс жолаушы әлсін - әлсін терең күрсінеді. Күрсінген сайын өзегін өртер өкінішін сыртқа шығарғысы келгендей болатын сияқты. Мұңға толған жанарын аударып – төңкеріп бір орынға тұрақтата алмай отыр. Өте беймаза күй кешіп отырғаны айдан анық сезіліп тұр. Жолсеріктің келер жағына көп қарайды. Бір кезде, көптен күткен адамы көрінгендей орнынан ұшып түрегелді. Жолсерік келе жатыр екен. Кейуана оған қарай қарсы жүрді. Бөгделердің әңгімесіне құлақ түрудің әдепсіздік екенін білсем де, естіген құлақта жазық жоқ қой, жолсеріктің даусын анық естідім. «Бәрі жақсы, ұйықтап жатыр» деді жолсерік кейуанаға. Ана қайтадан орнына келіп отырды. Бірақ, көңілінде алаң бар. Тыншымайды. Жүзіне барлай қарағанымда денемді ток ұрғандай шошып кеттім.
Ананың бір нүктеге қадалған көздерінен жас парлап отыр. Орнымынан ұшып тұрып, кесеге су құйып бердім. «Сізде бәрі дұрыс па, су ішесіз бе?». Ана басын шайқады. Ауыр – ауыр күрсінеді. Ол күрсінген сайын менің де жаным ауырып кетеді. Байғұс ана шыбын жанын қоярға жер таппай отырғаны бесенеден белгілі. Әттең, шемен боп қатқан шерін ішке сақтамай сыртқа ақтарып тастаса ғой. . Менің анам мұғалім. Ол кісі адам баласының жан дүниесін түсіне білетін кең жүректі адам. Ол кіммен болса да тіл табыса алады. Анама қараймын, анам маған қарады. Бір – бірімізді үнсіз түсіністік. Анам жайлап кейуананың қасына жақындады. Шайға шақырды. Дәм ұсынды. Кейуана еш нәрсеге қол тигізбеді. Есесіне, «рахмет, рахмет, Алла разы болсын» деген сөзді жиі қайталады. Менің анам «Сізге қандай көмегім керек, апа, қатты қиналып отырсыз ғой, іште сақтаудың қажеті жоқ, қайғы бөліссе жеңілдейді, апатай» деп, кейуанаға жақындай түсті......