22 наурыз - Наурыз мейрамы
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.......
Наурыз жылы, жыл басы
Наурыз көже ел асы
Наурызда бас қосуды
Тілеу керек осыны.....
Құстар ұшып келеді,
Наурыз келді алақай!
Күн нұрындай төгіледі,
Көк кілемге жамылып жер....
Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.
Алақай-ау, алақай!
Наурыз келді, балақай!
Халық тойды тойлайды,
Әсем әнге салады-ай!
22 наурыз мейрамына арналған тақпақтар
Құрметті оқырмандар сіздерге арнап наурыз мейрамына тақпақтар мен өлеңдер жарияланды! Таза тақпақ қажет болса, мында жарияланды.
Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат - күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар.
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар.