8 наурыз
Құрметті оқырмандар! 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Соған орай ана, қыз, әже, апа, әпке және әйелдер туралы тақпақтар жинағын ұсынамыз.
Тақпақтар
Құрметті оқырмандар! 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Соған орай ана, қыз, әже, апа, әпке және әйелдер туралы тақпақтар жинағын ұсынамыз.
Құрметті оқырмандар! Осы мақалада Ана туралы тақпақтар жарияланды. Балалар аналарымызға жақсы жақсы тақпақтар айтып, анамызды қуантайық.
Мәпелеп мені өсірген
Аяулы менің анашым
Жамандықтан жирен деп
Жақсылықтан үйрен деп
Үйреткен мені анашым.....
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Менің ата-анам бар
Ештеңем жоқ алаңдар
Анам келсе жұмыстан
Үстел толы тағамдар
Бауырсақта пісіреді
Кәмпиттіде қояды
Кәмпиттерді тығып жеп
Менің қарным тояды.
Менің анам әдемі
Алақаны аялы.
Біз даладан келгенде
Күліп құшақ жаяды.