file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Міржақып Дулатұлы (Мұң)

Сенімсіз басым, пайдасыз жасым арманда
Жетермісің тілегіңе жалғанда?
Қан тамшылап тұрса да көзден жас ағып,
«Сенікі жөн», - деп кұлаққа ілген жан бар ма?
Елең етер намысқа қызып жігіт аз,....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Қара құс һәм адам)

Қара құс:
Жалғанға патша баланған,
Данышпан ізгі саналған,
Аллашыл әділ адамнан,
Қайдан шықты бұл мінез?!

Адам:
Тексеретін сен емес!
Ескеретін мен емес!
Саған адам тең емес,
Маңайымнан жоғал тез! ....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Жұмбақ)

Һәр түрлі бір түбекті аң жайлаған,
Арыстанды бастық қып хан сайлаған.
Айдаһар, жолбарыстан уәзірі бар,
Батырдың ғайратына жан таң қалған. ....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Таң)

Жарық болды, бозарып, міне, таң атып,
Биік тауға сәулесін тегіс таратып.
Үнсіз тоғай көгере жана бастады,
Айнадай суға көлеңқе түсіп тағы атып. ....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Бүркіт кегі (баллада))

Қыран бүркіт бір күні
Алып қызыл түлкіні,
Масаттанып қайтып ед,
Иесі бастап әңгіме
Жиналған жұрттын, бәріне
Жыр ғып кешке айтып ед.
Қасына кімдер ергенін,
Түлкіні қалай көргенін,
Өзекпен сұмның зытқанын,
Томағасын сыпырып,
Алғанда қыран құлпырып,
Шарықтап көкке шыққаңың.....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Айтыс)

Бір кезде әлде қалай бір нәсілдес
Алдында көп таулардың болып кеңес.
Қазыбек Шат тауымен екеуінің
Бір үлкен арасында шықты егес.
Кәрі Шат деді: «Сақтан» Қазыбекке,
Адамға бағынбадың тіпті текке.
Үй салып, түтіндетіп етегіңе
Қиратса ағашың да бармас көпке.
Уатып тас кеудеңді темір күрек
Алтын, жез хазнаңды алар керек.....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Григорий Николаевич Потанинге)

Ардақты Қарт! Келдім бүгін тойыңа,
Бүктік тізе, еттік құрмет тойыңа.
Қалам тарттым, қазақ ұлы қарыздар,
Шатлық сыймай толқыған сол бойыма.
Жарық жұлдыз сенің тартқан бағытың,
Өлшеуі жоқ тәңірі берген бақытың.
Арманы жоқ, ардақты ата ақ жүрек,
Ханзаданың күндемессің тақытын.....
Өлеңдер
Толық