Қазіргі кезде физика ғылымында астрофизикалық зерттеулерге көп көңіл бөлінуде. Астрофизикалық объектілерге әртүрлі ықпал етуші факторлардың әсер етуі салдарынан бейсызық физиканың жаңа әдістерімен астрофизикалық объектілерді, оның ішіндегі айнымалы жұлдыздарды, тұмандықтар мен галактикаларды зерттеу үлкен қызығушылық туғызуда. Уақыт өте келе жұлдыздарды топтастырумен байланысты қиындықтар көбейеді: айнымалылықтың түрлі типтерінің байланысы анықталған және де бір объектінің бірнеше айнымалылық типіне жатқызу қажеттілігі туындайды, себебі олар әр түрлі физикалық себептермен анықталады. Жұлдыздардың жарқырау қисықтарындағы ақпаратты қолдану эффективтілік деңгейі мен талдау жасау әдістеріне тәуелді. Жұлдыздардың жарқырау қисықтарынан алынатын сигналдарда алмасу мен хаос болғандықтан, олардың физикалық табиғаты жөніндегі жаңа, қызық ақпаратты олардың зерттеуіне қолданылатын бейсызық физика әдістерінен алуға болады. Сонымен қоса, типі дұрыс анықталмаған айнымалы жұлдыздар да кездесіп жатады. Осындай типтері нақты анықталмаған жұлдыздарды зерттеуде бейсызық физика әдісі қолданылады.....
Қазақстан экғономикасы дамуының қазіргі кезеңі түпкі өзгерістермен сипатталады. Бұл нарықтық қатнастарға өтумен және бірқалыпты тұрмайтын және қарқынды өзгеріп тұратын экономикалық ортаға байланысты. Нарықтық экономикаға өту ұлттық экономиканы басқару жүйесін күрделі қайта құруды талап етті, оның өндірістік буындарының алдына олар бұрын-соңды кездестірмеген өзге проблемалар кешенін қойды. Жаңа жағдайларға бейімделу – халық шаруашылығының барлық буындары үшін ауырмалы процесс болып табылады. Нарықтық экономикаға адекватты тиімді ақша-несиелік қатынастарды құру ғасырлар бойына қалыптасқан несиелеу, есеп айырысу және ақша айналымының жоғалтылған объективті қағидаларын жаңғырту жолымен ғана жүзеге асуы мүмкін. Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорындар мен компаниялардың өз шаруашылық әрекеттерін қалыптастырып, дамытып және нарықта мықтап орнығуы үшін өз меншікті капиталынан басқа қарыз капиталын пайдаланады. Бұл кәсіпорындардың өндіріс көлемін кеңейтуге, уақытша пайда болған шығындарды жабу және тағы басқа да кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыруда тиімді әдіс болып саналады. Қарыз капиталының көптүрлілігіне байланысты кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетіне сай және тиімді болатын қарыз түрлерін таңдап алуы қажет. ....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі ХІХ ғ. Екінші жартысындағы қазақ жерін Ресей империясы түгелдей жаулап алуын аяқтаған болатын. Өлкеге ішікі жақтан қоныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен қатар, жер билігі де түгелдей патша әкімдерінің қолына көшті, жекелеген өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демократиялық мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бұқара халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдениетінің ықпалы күшейді, ғылым мен мәдениетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті. Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осы тұста қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенті -ұлы демократ ойшылы Ы.Алтынсарин шықты./1/ Ол арнаудлы психологиялық еңбектер жазбаса да, оның адамның сан алуан психологиялық сипатын ашатын шығармаларымен (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, өлеңдері мен әңгімелері, аудармалары) қоғамдық, психологиялық мәселелерге орайлас көптеген деректер кездестіруге болады. Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздарының, ғұлама ойшылдардың адамның жан жүйесі жайлы мұраларының қазіргі ұрпақ тәрбиесін оның жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамып жетілуіне қосар үлесі өз алдына бір төбе. Ы.Алтынсариннің ұлттық дәстүр, салт-сананы, адамның бойындағы сан қилы психикалық ерекшеліктерді, оқу-білімді насихаттап, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақтың болашағын өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдарының қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең дүниелер./2/ Ы.Алтынсарин мұраларына зерттеп, тұңғыш өмірбаянын жасаған, оның педагогикалық, психологиялық ой-пікірі мен жұмысын жүйелі түрде талдаған орыс шығыстанушылары мен ғалымдары, оқу-ағарту жұмысының озық ойлы, ғалым-ұйымдастырушылары болды. /3/ Олар –орыстың белгілі шығыстанушы-ғалымдары В.В.Григорьев/4/ (1816-1881), Н.И.Ильминский (1822-1891)/5/, А.А.Бобровников (1822-1865)/6/, Орынбор оқу округінде әртүрлі дәрежелі мектептерді басқарған зертеуші-ғалымдар В.В.Катаринский (1846-1902)/7/, А.Е.Алекторов (1861-1918)/8/, А.В.Васильев (1861-1943)/9/, Н.А.Бобровников (1853-1921)/10/, М.П.Ронгинский (1866-1927)/11/, Еділ бойындағы аз халықтар арасындағы ағарту жұмысының жанашыры болған С.В.Чичерина (1868-1918)/12/, чуваш халқының озық ойлы педагог - ағартушысы И.Я.Яковлев (1898-1930)/13/, Қазан университетінің профессоры хакас Н.Ф.Катанов (1862-1922)/14/,белгілі пелагог-ұйымдыстырушы, Ыбырай Алтынсаринның шәкірті, әріптесі Ғ.Балғымбаев (1866-1943)/15/, тағы басқалары. Бұлардан басқа да Ыбырай творчествосы мен оның қазақ халқының тарихында алатын орны туралы айтқандар саны көп.....
Кіріспе Азаматтық даму тарихына қарап отырсақ, қай халықтың болмасын руханияты мен мәдениеті ауыз әдебиеті екендігіне көзімізді жеткізеді. Ауыз әдебиетінің әр алуан түрлері қоғам дамуымен бірге жаңарып, өзгеріп отыратыны шындық. Осы жаңарулар өмірге көп қырлы өнер туындыларын әкеліп, әр түрлі қызмет атқарған. Ал ғылым қалыптасқан кезде жаңа жанрлардың тууына септігін тигізген. Біздің жұмысымызға негіз етіп алып отырғанынымыз да әдебиеттану мен фольклортану ғылымдарында сөз болып келе жатқан мысал табиғаты жайлы, оның тарихы, ол жайындағы ғылымдағы теориялық айтыстар, әртүрлі зерттеулерге тоқталып өтпекпіз. Біз мұнда орыс ғалымдарының ғылыми деректері мен мысал жанры туралы әр жылдары сөз қозғаған қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне сүйендік. Тақырыптың өзектілігі: Мысал – қоғамдағы жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы әр түрлі жайсыз қасиеттерді, мінез-құлықтарды тура сынамай, астарлап жеткізетін шығармалар деп аталады. Мысалдың алғашқы үлгілерінің пайда болуын біздің эрамызға дейін VIII ғасырдағы гректердің өмірінен байқаймыз. Олар белгілі бір ойды, пікірді дидактикалық мазмұнда айтып беретін әңгімелер түрінде көрінген. Әрине бұл , бірден туып, қалыптаса қойған жоқ. Эпостың әріден келе жатқан бір түрі – мысал. Мысал ескі Грецияда да болған. Бірақ мысалдың қайтадан дәуірлеген, кең түрде жайылған кезі XVII-XVIII ғасырларда болды. Мысал дегеніміз шағын ғана шығарма. Көбіне өлеңмен жазылады. Болмысты перделеу түрінде сықақтап суреттейді. Автор өз көзқарасын адамгершілікке үндейді, мысалдағы қатысушылар адамша сөйлей алатын, адамша күйініп, сүйінетін не айуан, не басқа нәрселер болады. Бірақ қатысушы адам да бола береді. Мысалдардың көпшілігінде-ақ не басында не аяғында автор пернелеген нәрсенің негізгі мазмұны, автордың айтайын деген адамгершілік ойы болады. Дворян- буржуазия жазушылары мысалды өздерінің қоғамдық адамгершілігін үйретудің құралы етіп қолданды. Бұл үйретулер сатираның кімге қарсы жұмсалуын анықтайтын жазушылардың таптық мүддесі болды. Ресейде мысал-жазушылар - Сумароков, Крылов т.б. қазақтың жазба әдебиетінде тұңғыш мысал жазушылар Абай мен Н.Наушабаев Адамның шындық болмысты түсініп, қаншалықты рухани дәрежеде болғандығын өнер көрсетеді. Осы ретте алғашқы қауым адамдарының өміріне көз жүгіртеміз. Олардың дүние танымы мифтік көзқарастарымен анықталатыны белгілі. Адам санасының өсуі, өзгеруіне байланысты алғашқы түсініктердің де аясы кеңейе бастаған. Осылайша, дүниеге жаңаша қарау, қоршаған ортаға деген жаңаша қатынас өнерге де әсер етпей қалған жоқ. Ойымызды нақтылай түссек, алғашқыда шығарылған туындының оқиғасы сақталып, ауыздан-ауызға таралу жолында сюжеті мен айтылу мәнеріне қарай аңыз, хикая, ертегі пайда болғанда , даму процесі жетілген сайын шығармашылық та жан – жақты дамып отырған. Мысалы, мифтің тууы алғашқы адамдардың айналасындағылардың бәрін “ киелі” деп түсінгенімен байланысты болса, келе – келе бұл сипаттан айрылып, өздері араласып жүрген адамдар, іс - әрекет жөніде айтылатын әңгімелерге ауысқан. Бұл әңгімелер де келе-келе жаңаша сипат алып, түрлі формаларды тудырған. Осы орайда қазақ халық прозасын, соның ішінде ертегілердің жан – жақты сипатын ашып берген ғалым С. Қасқабасов былай дейді: «Ертегі жанрының түп – төркіні алғашқы қауым пайда болған көне миф, аңшылар туралы әңгімелер, хикая және әртүрлі кәде ырымдар мен аңыздар. Басқаша айтқанда, ертегі жанры өзінің қалыптасу процесінде осы жанрлардың қасиеттерін бойына сіңірген, олардың кейбіреуін молырақ, бағзыларын азырақ пайдалынған». [ 1,257]. Яғни, ойлаудың қалыптасу барысында шығармашылық әр түрлі үлгілер бір – біріне әсер етіп, өзгеше бір шығармашылықтың түрін туғызады екен. Сонда мысалдың да жанрлық тұлғасының қалыптасуындағы бірінші ерекшеліктер сонау дәуірдің өзінде жатса керек.....
Математикада тек қана обьектілер емес (сан, фигура, шама т.с) олардың арасындағы қатынастар, байланыстар да зерттеледі. Натурал сан ұғымын қалыптастыру - бастауыш математика курсының негізгі ұғымы және жалпы математика сандар арасындағы әртүрлі өзара байланысты зерттей отырып дамиды. Геометрияда түзулердің параллельдік, перпендикулярлық, фигуралардың теңдік, ұқсастық т.с.с. геометриялық обьектілердің арасындағы әр түрлі қатынастарды зерттейді. Жиындарды салыстырып, олар қиылысады немесе тең, біреуі екіншісіне тиісті, т.с.с. яғни жиындар арасында да қатынастар орнатылады. Сандардың, геометриялық фигуралардың, жиындардың және басқа да обьектілердің арасындағы белгілі бір қатыстар туралы біле отырып, оларда қандай ортақ қасиет бар екенін, әртүрлі қатыстардың жиынын қалай классификациялауға болатынын қарастырамыз. Диплом жұмысының зерттеу әдісі Оқушылардың ғылыми - дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, практикалық дағдылары мен ебедейліктерін дамыту және т.б өзекті мәселелердің ішінде бастауыш сынып оқушылардың қатынас туралы білімін жетілдіру....
Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады: «Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру; Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге ....
КІРІСПЕ Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі қазіргі ғылым тұрғысынан қарастырғанда жаңаша қабылданады. Өзін-өзі тәрбиелеу құбылыс ретінде әрқашан философтарды, психологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған және қызықтырады. Өзін-өзі тәрбиелеудің нағыз негізі - адамға тән болып табылатын үйреншікті қатардағы жайларды жеңіп, өз өмір жолындағы үлкен, қызықты істерге ұмтылу. Бұл туралы Ковалев А.Г. былай деді: "Өздігінен жетілу адамға тән, өйткені ол шыншыл болса, ол ешқашан өзіне-өзі риза болуы мүмкін емес". Адамда бәрі дамыған, жетілген, бай болу мүмкіндігін пайымдауға барлық негіз бар және мұндай дамудың шын мәнінде шегі жоқ.[1 , 11 – 27-38 бб.] Бірақ бізде жасырылған мүмкіндіктерді, біздің "Қалғып жатқан күштерімізді" ояту үшін, үздіксіз жүйелі өзімен - өзі жұмыс істеу қажет. Оны өзін-өзі тәрбиелеу деп атайды. Қытай даналары былай деген: "Үздіксіз ережесін қолданған, канша жерден надан болса да, міндетті түрде білімді болады, қанша жерден әлсіз болса да міндетті түрде күшті болады". [2 – 18-22 бб.] Бірақ жемісті өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты - үздіксіз ережені қолдану, жан-жалқаулығына бейімділік, әр мінездің жетіспеушілігі, адам үшін жеңе алмайтын қиыншылық болады. Жан-жалқаулығы өзін-өзі тәрбиелеу жолындағы ең негізгі кедергі. Француз жазушысы Лабрюллердің пайымдауынша: "тілегенімізге жету үшін бізге тәсілдерге қарағанда, табандылық жетпейді"- деген. [3 –18-21 бб.]. "Дхаммапада" ежелгі әдеби қайнарында, қандайда болса ниетті жүзеге асыру үшін, өзінің әлсіздігін жеңудің мәнін айқын метафоралық, түрде көрсеткен: "Егер біреу шайқаста мың рет мың адамды жеңсе, ал басқасы өзін-өзі жеңсе дәл сол басқасы - шайқастағы ең ұлы жеңімпаз". [4- 98-102 бб.] Соңғы уақытта өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі оқуды белсендендіру туралы сұрақты зерттеумен байланыстырып жатыр. ТҰлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі - өзімен жұмыс істеуде бірінші қадам және күрделі үрдіс, бұл кезде сырттан көмек туралы мәселе пайда болады. Өзімен жұмыс істейтін тұлғаға беретін психологиялық көмектен, бағыттылықтан және ұйымдастырушылықтан өзін-өзі тәрбиелеудің эффективтілігі тәуелді болады. Сондықтан осы ғылыми зерттеу жұмысының өзекті мәселелерінің бірі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуде психологиялық көмекті ұйымдастыру болып табылады. Зерттеу мақсаты: Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, тәсілдерін талдап зерттеу. Зерттеу пәні: Оқушының өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін қазақ тіліне бейімделген «талаптану денгейін анықтау» (Шварцвандердің) әдістеме көмегімен зерттеп талдау. Зерттеу міндеттері: - Өзін-өзі тәрбиелеуді талдаған ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.....
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, Еуразияның кіндік тұсында жаңа мемлекеттің пайда болып, көк жалауын желбіреткеніне міне 15-ші жылға аяқ басып барады. Осы он жылдан астам уақыт аралығында елімізде бір ғасырға татырлық оқиғалар болып өтті. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікке қарай басқан әрбір қадамын оңай болды деп ешкім айта алмас. Өйткені, жас мемлекетіміздің алдында тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін оны орнықтыру, қалыптастыру, нығайту сияқты қыруар жұмыстар тұрған болатын. Оның үстіне бұл жұмыстардың барлығын кеше ғана тоталитарлық режимде болып, демократияның не екенін білмеген елде және жоспарлы экономикадан бірден нарықтық қатынасқа көшкен елде іске асыру өте қиын болатын. Десек те, осы он жылдан астам уақыт аясында біраз шаралардың атқарылғаны белгілі. Ең бастысы ежелгі қазақ жерінде Республикадағы негізгі көш бастаушы қазақ ұлтының төңірегінде елімізді мекендеуші 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі қамтамасыз етілді. Саяси салада демократиялық қоғамды бетке ала отырып, кең көлемді саяси процестерді атқарудың сәті түсті. Кейбір ішкі саяси дағдарыстарға қарамастан Республикамызда Президенттік басқару орнығып, билік құрылымдарының барлық сатыларының рөлі белгіленіп, ішкі саясат саласының басты стратегиялары айқындалып іске асырылып келед ....
Берілген диплом жұмысының тақырыбы Жапонияның Азия-тынық мұхит аймағындағы рөлі деп аталады. Тақырыптаң өзектілігі. Азия-тынық мұхит аймағы әлемдік саясатта өте маңызды орынға ие. Бұл елдің халықаралық қатынастағы, сыртқы саясаттағы мәні жылдан-жылға өсіп келеді. Мұнда әлемнің ең ірі, аумақты және көп халықты елдері орналасқан – Ресей, Кытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаты, Үндістан, Индонезия, Жапония, Канада, Мексика, Ветнам, Корея Республикасы, Бангладеш, Австралия, Жаңа Зеландия, т.б. елдер. Аймақ территориясы тіпті жер шарының тең жартысын алып жатыр деуге болады. Сондай-ақ, соңғы кездері Азия-тынық мұхит аймағының ерекше қарқынмен дамуы саясаткерлермен ғалымдардың да көңілін аударуда. “ХХІ ғасыр Азия-тынық мұхит аймағы ғасыры” деген болжам айтылып жүр. Енді әлемнің басты назары осы аймаққа бағытталып отыр. Бұл аймақ ірі өндіріс күштердің жинақ көзі болып табылады. Мұнда барлық автомобилдермен кемелердің, синтетикалық талшық пен теледидарлардың 70 пайызы, пластмассалармен синтетикалық шайырлармен 60 пайызға жуығы, алюминимен болаттың 50 пайызы шығарылады. Сондай-ақ табиғи және шикізат көздері де молынан шоғырланған. Осындай экономикалық даму барысы аймақтағы елдер арасында терең де, жан-жақты ынтымақтастықтың жүзеге асуына алғы шарт болып отыр. ....
КІРІСПЕ Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін. Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады. Жүмыстың мақсаты: бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алып, айқындап, қасиеттерін анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: • Бие сүтінің және қымыздың физика – химиялық көрсеткіштерін анықтау. • Сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу. • Физиолого- биохимиялық қасиеттерін анықтау. • Антагонистік қасиеттерін анықтау. 1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 1.1 Бие сүтінің химиялық құрамы Тағамдық өнімдердің химиялық құрамын зерттеу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі боліп табылады. Сүт биологиялық сұйықтық ретінде сүтқоректілер ағзасында, яғни сүт бездерінде синтезделеді. Жануарладың тұқымқуалаушылық қасиеттеріне байланысты сүттің физикалық – химиялық және биологиялық қасиеттерін анықтайтын белгілі бір химиялық құрамы болады. [1]. Сүттің тағам өнімі ретінде жоғары бағасы оның химиялық құрамының ерекшелігімен түсіндіріледі. Сүтқоректілердің барлық заттар түрлерінің сүтінде жас ұрпақтың өсіп дамуына қажет барлық заттар бар. Алайда, сүт құрамы мен қасиеттері жануарлар түріне байланысты ерекшеленеді. Сүттің химиялық құрамы мен қасиеттері өте күрделі. Жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып сүт құрамынан 260-қа жуық химиялық заттар табылған [2]. Сиыр және биенің шикі сүтінің химиялық құрамы бірінші кестеде келтірілген.....