Баталар

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.

Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.

Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.

Киіз үйге қатысты бата, тілектер

Шаңырағың биік болсын!
Шаңырағың шайқалмасын!
Керегең кең болсын!
Түндігің түтінді болсын!
Қос босағаң берік болсын!
Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін!
Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік....

Баталар
Толық

Келінге өсиет

Отбасының ұйытқысы,
Қайын атаң мен қайын енең.
Сыйлап жүрсең оларды,
Кем болмайсың ешкімнен.
Қайын енеңді күт келін,
Бағады ол балаңды.
Енеңнің күші....

Баталар
Толық

Бата түрлері

Бата беру — Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірі. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады. Батаның түрлері — Баталардың түрлері

Баталардың түрлері

Бата қай кезде және кімге қарата айтылып тұрғанына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар — жарапазан батасы, серттесу батасы, жол батасы, жаңа ай батасы, теріс бата, соғым батасы, көші-қон батасы, жас отау иелеріне арналған бата және өлім шыққан үйде айтылатын бата және т.б.

Баталар
Толық

Қыз ұзату тойына бата беру

Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен....

Баталар
Толық

Дастарханға бата беру


Дастарханың бай болсын.
Қазан - ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын.
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып қияға,
Қызың қонып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.

Баталар
Толық

Дастарханға бата беру, ас қайыру

Дастарханың бай болсын,
Қазан - аяққа май толсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.

Ұлың қонып ұяға,
Қызың қонсын қияға.
Келінің «бибі» атансын,
Ұлың болсын «би аға»!
Баталар
Толық

Ас қайыру, дастархан басында айтылатын баталар жинағы

Қазағымның қай дастарханы батасыз өтетін еді? Бата беру - алғыс айту, ақ тілек тілеу дегенді білдіреді. Сондықтан бұл баталар жинағын әрбір қазақ жатқа білуі тиіс деп ойлаймыз. Жаттаңыздар, айтыңыздар, ақ тілектеріңізді жеткізіңіздер ағайын!!!

Құдай берсін, кем қылмасын,
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Отбасының байлығын берсін,

Деніміздің саулығын берсін.
Көңіліміз тоқ болсын,
Уайым - қайғы жоқ болсын.
Отырғандарың үлкен тақ болсын.

Баталар
Толық