Презентация қуғын сүргін


1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры құжаттарда.

Кіріспе

I.Репрессияның саяси идеологиялық қайнар көздері мен жүргізілу cебептері

II.Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессия және оның тарихи

1)Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін

2)1937-1938 жылдары репресияға ұшыраған қайраткерлер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар:

Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды.

Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 –

хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың

саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен

танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан

революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан

мұнда «Кіші Қазан»революциясын жасау керек» деген

теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык

шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі

зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық

Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.

Репрессияның саяси идеологиялық қайнар көздері мен жүргізілу cебептері

Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың

ортасы болды. Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап күресін

күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын-сүргін бағдарламасының

негізіне айналып, «халық жауларын» әшкерелеумен айқындалды. «Партия мен

халыққа жат элементтер» ең алдымен партияның өз арасынан және өзгеше ойы бар

зиялылар қатарынан іздестірілді. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды.

Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе,

казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы аяққа басылып, балама

пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Ең алдымен

жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ

елінің біртуар ұлдары тағы басқалар ұшырады. Жеке адамға табынған

тоталитарлық жүйе кесірінен 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27

мыңнан астамы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы кейін ақталды.Қазақстан

Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін «31 мамырҰлттық аза күні» болып

белгіленді. Жыл сайын 31 мамыр жазықсыз жазаланғандарды еске алу күні деп

атап өтуде.

Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін

1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік

қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен

кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс  құрал-

жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5

желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде

жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да

бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық

казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау

органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа

басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы»  қатарына

жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін  «геноцид

саясаты»  осылай басталды.Қазақстандағы екінші репрессия  1937-1938

жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу

мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның

ызғары Қазақстанғы  Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені

Қарағанды еліміздегі  үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген

партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен

ақын- жазушылар жұмыс істеді

1937-1938 жылдары репресияға ұшыраған қайраткерлер

Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының  мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігед

Тұрар Рысқұлов  адам ретінде

де, қоғам және саяси қайраткер

ретінде де ерте есейіп, есімі

жиырма жастан асар-аспас

кезінде жұрт аузына ілініп,

халыққа танымал болды. Ол

Сталиндік-Голощекиндік «Кіші

Қазан» бағытын жүзеге асыру

нәтижесінде жаппай

ашаршылыққа ұшыраған өз

халқына ара түсіп шырылдады.

Сталинге хаттар жазды. «Ұлы

көсеммен» сөзге келіп, айтысқа

түсті, оның диктаторлық ел

билеу тәртібіне қарсы шықты.

Нәтижесінде 1937-1938

жылдары бүкіл ел көлемінде

орын алған үлкен террордың

құрбаны болып кете барды.

Мағжан Жұмабаев  табиғат

жаршысы,

махаббат жыршысы. Оның

бұл

тақырыптардағы өлеңдерінің

де негізгі

тақырыбы тәуелсіздік. Ел

тәуелсіздігінің

жыршысы Мағжан ақынның

өзі де 1937 жылы

30 желтоқсанда өз

тәуелсіздігінен айрылып,

қызыл қырғынның

құрбандығына айналды.

Міржақып Дулатов – «Оян,

қазақ!» бұл сөздің құдіреті де

қасиеті де сол – осы отты

өлеңнің жарық көргеніне

ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол

қаныш тамшылаған өзекті күйінде

қалып отырғандығы бүгінде

қазақ байтағын індеттей жайлаған

бойкүйездік,  самарқаулық,

жалқаулық, еріншектікқысқасы

ұлтымызды ұлық істерден кері

тартып отырған барша

кесапаттарды тап басып айта

білген, содан арылуға үндейді,

намысқа шақырады. 1938 жылы

қайтадан қамауға алынып, ату

жазасына кесілді.

Өз ұлтын сүйетін, ұлтының болашағы үшін өткен тарихтан сабақ алар тұстар көп екенін білетін ұрпақ өз тарихын қалыптастырған өр тұлғаларды ешқашан ұмытпас. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек ашаршылық жалмаған жылдары 2,3 млн.дай, бірнеше рет қайталанған қуғын сүргінге ұшыраған 125 мыңдай қазақтың жартысына жуығының қаны қара жерге сіңген екен. Оның сыртында жаппай жала жабу, кәмпескелеу мен ұжымдастыру  сияқты ұлтымызға қарсы бағытталған алапат апатты жылдары туған даласының топырағынан тірідей айырылып, жер бетіне тарыдай шашырап, тозтоз болып кеткен сан мыңдаған қазақты қосыңыз. Бұл ұлтымыздың тарихыӘрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы парыз.  Өйткені бұл күн Алаш азаматтарының азалы күні!

ҚОРЫТЫНДЫ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу