Оқушыға мінездеме
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы
«Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі
мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің 3 б сынып оқушысы
Халық Айсенім Берікқызына
М І Н Е З Д Е М Е
Халық Айсенім Берікқызы 25.09.2012 жылы туылған.
Ол 2018 жылы 1 – қыркүйекте «Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші сыныбына қабылданды, қазір 3 б сынып оқушысы.
Әкесі Чоканов Берік зейнеткер, анасы Сарсенова Перизат үй шаруасында. Отбасында үш бала бар, Айсенім - отбасында екінші бала. Отбасының материалдық жағдайы жақсы. Ата – анасы Айсенімнің оқуына және тәртібіне үнемі бақылау жасап, болашағына асқан жауапкершілікпен қарайды.
Айсенім – оқу екпіндісі, зерек, алғыр, сабақты жақсы оқиды, есте сақтау қабілеті жоғары, ойы ұшқыр, жылдам ойлай біледі, сөздік қоры мол, өз ойын толық жеткізе біледі. Әсіресе, дүниетану және жаратылыстану пәндерін ерекше ықыласпен оқиды. Мұғалімнің түсіндірген сабағын зейін қойып тыңдайды. Ол барлық уақытта ұқыптылық, жинақылық танытады, өзіне тапсырылған кез келген тапсырмаға мұқият жауапкершілікпен қарайды, белсенділік танытады. Алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады .
Қашықтықтан оқу барысында Айсенім өз бетімен білімін жетілдіруге және ақпаратттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгеріп, қажетті ақпараттарды пайдалана білуге дағдыланған.
Ол сабақтан тыс уақытта аудандық БМЖСМ тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысып, бірнеше дүркін аудандық, ауданаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Сондай – ақ аудандық мәдениет үйінің жанынан ұйымдастырылған би үйірмесіне де қатысады. Жетістіктері де көп.
Мінезі сыпайы, тәртіпті, кішіпейіл, достары арасында сыйлы. Өзін бірқалыпты ұстайды.
Айсенім – өз ортасында көпшіл, қарапайым мінезімен жолдастарының, ұстаздарының ықыласына бөленіп жүрген және өз қатарларына үлгі боларлық беделді, үлгілі оқушы.
Мектеп директоры Абдилова Б.Б.
Сынып жетекшісі Скабылова Г.Н.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?