Жазғы мектеп сабақтары бойынша талдау жұмыстары
6, 8,10 сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жазғы мектептегі сабақтарға оқушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған, жеке тәсілдер негізінде ұйымдастырылды.
Оқушылардың оқу пәндері бойынша білімдегі олқылықтарын толықтыруға деген қажеттіліктері ескеріліп, сараланған тапсырмалар әзірленді.
Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында топта және жеке жұмыс жасау үшін қосымша қызықты материалдар, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдар, аудиовизуалды құралдар (графика, аудио, бейнематериалдар), презентациялар, сараланған оқу тапсырмалары дайындалды.
6 сыныпта «Əлемдегі ірі кітапханалар» тақырыбы бойынша оқушылар әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтер құрастырды және жазған мәтіндегі көтерілген мәселені талдады.Сонымен қатар сөз таптарын қайталап, оның ішінде етістіктер мен үстеулерді мәтіннен тауып, мағыналық түрлеріне ажыратты.
Қазақ әдебиетінен А.Алтайдың "Прописка" әңгімесіндегі кейіпкерлерге талдау жасалды. Р.Ғамзатов "Ана тілі" өлеңіндегі тіл мен ұлт тағдыры тақырыбын қайталап, әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтады.
8 сыныпта қазақ тілі пәнінде оқушылар Қазақстандағы туризм және экотуризм перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырды, мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жаза білді. Оқылым бойынша мәтінге комментарий жазып, мәтіннен негізгі оқиғаларады іріктеп жазып, синтаксистік талдаулар жасады.
Қазақ әдебиеті пәнінен Ж. Сахиев «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» әңгімесін оқып, қайталап, әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай білді.
10 сыныпта оқушылар қазақ тілі пәнінен «Сәулет өнері» тақырыбы бойынша тілдік жүйе және нормаға сай жаттығулар орындады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазды және эссе бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.
Қазақ әдебиеті пәнінен Ш Мұртаза. «Бесеудің хаты» тақырын қайталап, әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдаулар жасалды. Талдаулар тарихпен байланыстырылды. Талдаулар арқылы арқылы идеялық мазмұнына пікірлер айтылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ш. Жаканова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?